Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы 7-сынып оқушыларына ұлттық және мәдени мұраларға, тарихи құндылықтарға, адам еңбегінің объектілеріне құрметпен қарау, вандализм деген не және азаматтың келтірілген залал үшін жауапкершілігі, қирауға және бүлінуге төзбеушілік туралы «Вандализм – шалость или хулиганство» атты әңгіме өткізді. Әңгіме соғыс жылдарында қаза тапқандарға арналған ескерткіш аумағында өтті. Іс- шара барысында балалар «вандализм» терминінің мағынасы, материалдық және мәдени құндылықтарға зиян келтірушілердің жауапкершілігі туралы білді. |