
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Святославка ауылдық кітапханасы 7-9 сынып оқушылары арасында «Великие дочери казахских степей» атты тарихи-әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойларына патриоттық сананы сіңіру, батыр әйелдердің ерліктерін құрметтеу және олардың Қазақстан тарихы мен Жеңіске қосқан үлесімен таныстыру.
Кітапханашы соғыс кезінде де, бейбіт уақытта да ерлік, қайсарлық, жанқиярлық танытқан қазақ әйелдерінің ерлік тағдырларына тоқталды. Ұлы Отан соғысы тарихына есімдері мәңгілікке жазылған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановалардың ерліктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара презентация көрсетумен, өлеңдер, майдангерлердің естеліктері мен хаттарынан үзінділер оқумен сүйемелденді. Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді, алған білімдерімен және әсерлерімен бөлісті.
Кеш қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алумен және батырларға алғыс айтумен аяқталды. Бұл іс-шараға «Ерлік, батырлық және қаһармандық үшін» тақырыптық көрмесі дайындалды. |