Главная » 2025 » Июнь » 30 » «Волшебный сундучок казахских сказок» мәнерлеп оқу ойыны
18:06
«Волшебный сундучок казахских сказок» мәнерлеп оқу ойыны

Астана күнін мерекелеу қарсаңында аудандық балалар кітапханасында «Волшебный сундучок казахских сказок» мәнерлеп оқу ойыны өтті.

Кездесу кітапханашының Қазақстанның елордасы – Астана қаласының тарихы туралы әңгімесімен басталды. Іс-шараға дайындалған электронды презентация балаларды қаланың көрікті жерлерімен таныстырды, «Бәйтеректің» құрылысы «Ер-Төстік» ертегісідегі аты аңызға айналған кейіпкер Самұрық құстың балапандарын құтқару оқиғасына негізделгенін білді.

«Сиқырлы сандық» арқылы балалар өздерінің сүйікті қазақ ертегілері: «Ер-Төстік», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Бай-музыкант пен Алдар-Көсе» ертегілеріне саяхат жасап, жанр мен сюжеті бойынша қандай ертегілер бар екенін, не үйретіп, не үйренетіндерін бірге білді.

«Бай-музыкант пен Алдар-Көсе» бейне ертегісі қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – сыбызғы туралы әңгімелесе, бейнеклип оның табиғи үнімен таныстырды.

Балалар ертегілер бойынша викторина сұрақтарына қуана жауап берді. «Жылдам арқан», «Қарлығаш», «Бәйге» ойындары қызықты да тартысты өтті.

Кітапханашы қазақ халқының ертегілері жазылған кітаптарға да шолу жасады.

Іс-шара соңында әр балаға Астананың көрінісі бейнеленген ашық хаттар берілді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 6 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3002]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0