Главная » 2024 » Декабрь » 6 » «Возьмемся за руки друзья» танымдық кездесуі
16:35
«Возьмемся за руки друзья» танымдық кездесуі

«Мейірімділік эстафетасы 2024» облыстық фестивалі аясында Тоғызақ ауылдық кітапханасында 5 желтоқсанда «Қол ұстасайық достар» атты кездесу өтті.

Кітапханашы Престель Т.И. танымал болған бірнеше танымал мүмкіндігі шектеулі жандардың мысалын келтірді: Томас Эдисон, Людвиг Бетховен, Зиновий Герд және Григорий Журавлев, оқушылар мүгедектерге кімдер жататынын, оларға көзқарасымыз қандай болу керектігін білді.

Валентин Катаевтың «Цветик – семицветик» ертегісін тамашалады. Кездесу барысында балаларға практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылды, мысалы: көздерін жұмып, белгілі бір заттың суретін салып, көкөністерді дәміне қарай анықтап, сонымен қатар қапшықта қандай бөлшектер бар екенін тауып, әртүрлі дыбыстарды тыңдап анықтады. Әр тапсырманы орындағаннан кейін талқылау болып, балалар мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты қиын екенін түсінді.

Іс-шара соңында балалармен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар әсіресе жылулық пен қамқорлыққа, ең бастысы мейірімділікке мұқтаж деген қорытынды жасалды.

Просмотров: 33 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0