Хабардарлық онкүндігі аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Қазақстандық агротехникалық колледж студенттерімен «Все мы разные, но все мы вместе» атты мейірімділік сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты инклюзивті мәдениетті, айналасындағыларға жаңашырлық көзқарасты тәрбиелеу, өзара көмек, мейірімділік, сезімталдық пен құрмет сезімін дамыту.
Кітапханашы студенттерге инклюзивті мәдениет, мүгедектігі бар адамдарға төзімділік туралы айтып берді. Іс-шара барысында балаларға адамдар бір-біріне жақсылық жасау керектігі, мүмкіндігі шектеулі жандардың мектептерде оқуға, білім мен мамандық алуға және қоғамда тең дәрежеде болуға құқығы бар екендігі туралы бейне-презентация көрсетілді.
Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен кеңінен бөлісті және осындай адамдарға көмектесуге, құрметпен қарауға және көмек қолын созуға дайын екендіктерін білдірді. |