
Алғыс айту күні қарсаңында Тоғызақ ауылдық кітапханасында зияткерлік жекпе-жек әуесқойларын біріктірген іс-шара, «Всем сердцем благодарим!» шахмат турнирі өтті.
Турнир осы ежелгі ойынның түрлі жастағы, мүдделер мен ұлттардың басын біріктіретін және шабыттандыратын жарқын үлгісіне айналды. Турнир қорытындысы бойынша В. А. Карнаухов жеңіске жетті, екінші орынды В. И. Зинченко және үшінші орынды А. Феданов иеленді.
Іс-шара аясында оқырмандарға 10 кітап басылымдары мен құжаттардан тұратын «Спасибо, казахская земля!» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Кеш соңында кітапханашы Т.И. Престель сөз сөйлеп, «Шах и мат» клубының қатысушыларына алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтап, естелік фотосуреттер мен сыйлықтар табыс етті. |