Михайловка ауылдық кітапханасында ғалым, философ Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған «Второй учитель» тарих сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығымен, мұрасымен таныстыру. Оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін бағалау, тұлға, данышпан ретінде таныту, еңбектерінің маңызын, түрлі мәдениеттердің жақындасуына шығармашылығының ықпалын көрсету.
Кітапханашы ғалымның өмірбаяны мен еңбектері туралы әңгімелеп, оқушыларға өткенді зерделеудің маңыздылығын, заман байланысын көрсетті; адамгершілік мәселелерін көтерді; ізденіс-зерттеу жұмыстарына, туған жерді танып-білуге қызығушылықтарын оятты. |