Главная » 2025 » Февраль » 25 » «Выбираем счастливую жизнь»
18:34
«Выбираем счастливую жизнь»

Бүгінде салауатты өмір салты - бұл уақыттың талабы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы адамның өзекті аспектілерінің бірі болып табылады.

Кітапханашы Г.Т.Скумина тұрақты оқырмандармен және көркемөнерпаздар клубының қатысушыларымен «Выбираем счастливую жизнь» атты сұхбат өткізді. Әңгімелесу барысында кітапханашы салауатты өмір салтының маңызы туралы айтып берді, сондай-ақ дұрыс тамақтануға және шөптердің, жемістер мен көкөністердің емдік қасиеттері, күн тәртібіне баса назар аударылды. Денсаулық туралы мақалдар мен мәтелдер еске  түсірілді.

Әңгіме қарттарға арналған салауатты өмір салтының негіздері туралы болды, атап айтқанда, денсаулықты сақтау және нығайту үшін оңтайлы жұмыс және демалыс режимі, теңдестірілген тамақтану, қозғалыс белсенділігі қажет. Қарттарға ең қолайлы дене шынықтыру түрі - скандинавиялық жүріс туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Пайдаланушылардың назарына дұрыс тамақтану мен диеталар туралы, дәрілік өсімдіктердің емдік күші туралы, өз денсаулығын ұзақ жылдар бойы қалай сақтау керектігі туралы түрлі брошюралар мен буклеттер ұсынылды.

Іс-шара соңында қатысушылар адамның ең басты құндылығы -денсаулық –ол кез келген байлықтан қымбат деген қорытынды жасады. Денсаулықты ерте жастан күтіп, белсенді өмір салтын ұстану керек, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданып, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 24 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3002]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0