Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Тоғызақ ауылдық кітапханасында «Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының ағартушысы» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Кітапханашы 1864 жылы И.Алтынсариннің қазақ балаларына арналған бірінші мектебінің ашылу тарихымен көрермендерді таныстырды, сонымен қатар оның кейбір шығармалары туралы айтып берді. Мәдениет ұйымдастырушысы Буркунова Л.П. «Кел, балалар, оқыңдар!» өлеңін оқыды.Іс-шара соңында барлығына «И. Алтынсарин - тұңғыш ұстаз» буклеттері таратылды. |