Ыбырай Алтынсариннің есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын тарихи қайраткерлердің есімдері қатарынан құрметті орын алады. Өзінің саналы ғұмырын көрнекті ағартушы-педагог, ірі жазушы, талантты ақын халықтың бақыты үшін күрес ісіне арнады. Белгілі педагог, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Боскөл ауылдық кітапханасында Алтынсарин оқулары өтті. Оқырмандар-белсенділер Темірбаева Әйгерім, Ахметова Балауса және Омаров Жеңіс Ы. Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.