Аудан орталығының көшелерінде және ауданның елді мекендерінде абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тоғызақ ауылында да тәртіп орнату бойынша ауқымды іс-шара өтті. Сенбіліктердің бірінде кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы өз ауылының кіре берісін таза әрі жайлы етуге, сондай-ақ "Игі істер марафонына", кіші отанды жалпы абаттандыруға өз үлесін қосуға ниет білдірген оқырмандармен және барлық бей-жай қарамайтындармен бірге қапшықтармен қаруланғанып, жолдың жиегінен 6 км-ге жуық қоқыс жинап, шығарған еді. Әрбір ауылға осындай бастамашыл топтар көптеп болса екен! |