1 наурызда Қазақстанда алғыс Күні атап өтіледі. Бұл барлық қазақстандықтардың мейірімділік, достық пен махаббат мерекесі. Аудандық кітапханада «Өз шаңырағымның астында» атты іс-шара өткізілді. Іс- шараға кітапхана қызметкерлері ардагерлері, балалар кітапханасының қызметкерлері, ауылдық кітапханашылар шақырылды. Кітапхананың ардагерлеріне алғыс сөздер айтылды, атап айтқанда, жақында 60 жасқа толған мерейтойын атап өткен Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бұрынғы директоры Чумакова Алла Васильевнаға алғыс сөздері айтылды. Музыкалық құттықтаулар, өлеңдер мен тілектер айтылды. |