Бүгін 10 тамызда біз Абай Құнанбаев күнін атап өтеміз! Биыл ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері және ойшыл 177 жасқа толады. Абай мұрасы-көптеген жылдар бойы жинақталған халықтың барлық даналығын бойына сіңірген рухани байлық. Оның еңбектері өлмейтін және бүгінгі күнге дейін өзекті. Қарабалық аудандық балалар кітапханасы әлеуметтік желілер беттеріне Ұлы Абайдың өмірі туралы бейне ролик орналастырды.