24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Магамбетова Г.Т. «Жүрекке қымбат рәміздер» танымдық сағатты Бөрлі орта мектебінің акт залында ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға Бөрлі орта мектебінің шағын орталық бүлдіршіндері, ,мектепалды даярлық сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын салтанатты орындауымен басталды. Кітапханашы әнұранды орындау ережелерімен таныстырды. Республикамыздың елтаңбасы, туы және әнұраны туралы түсінік берілді, олардың пайда болу тарихы туралы әңгіме жүргізілді. Іс-шараның соңында викторинаның сұрақтарына жауап берді. Белсенді қатысқандар: Шакибаева А., Искендиров, Р Р,Иржанова С., Лебедев Р және т.б. Іс-шараға 10 адам қатысты.
Осы күні кітапханашы Магамбетова Г.Т. 5 сынып оқушыларымен бұл тақырып бойынша сабақ өткізді. Іс-шараға 8 адам қатысты. Кітапханашы толық және қызықты Республикамыздың елтаңбасы, туы және әнұраны туралы түсінік берді. «мемлекеттік рәміздер» дегенді қалай түсінесіңдер? Қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. |