Победа ауылдық кітапханасында «Жаңа алфавит: әр кімнің пікірі маңызды» дөнгелек үстел өтті. Мемлекеттің көшбасшысы айтқандай – «Латын қарпіне көшу өзінің тарихи логикасына ие». Бұл үштілдікке де, латын алфавитіне көшуге де қатысты. Іс-шарада тілдің кез-келген ұлттың, кез-келген мемлекеттің бастауы деп айтылды. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Біз білгендей, мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілі латын әліпбиіне кезең-кезеңмен ауысу басымдықтардың бірі екенін анықтады. Кездесуде қазіргі тілдік реформа рухани жаңарудың барлық салаларының құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Жақында латын графикасының жаңа жобасы ұсынылды. Алғашқы түп нұсқасы 25 әріптен тұрса, қазір олар 32-ге тең. 10 қазақ дыбысында апостроф (жол үсті үтірлерді) қолдануға ұсынған. Іс-шарада ауылдық округтарының мамандары, драма үйірменің қатысушылары қатысты. |