Святослав ауылдық кітапханашысы О.Ф. Шиминскаямен ауыл тұрғындарын жаңа қазақ әліпбиімен таныстыру, түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Кітапханашы өз кездесулерінде қоғамда үлкен талқыға түсіп жатқан қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиі, өркениетті елдер қатарынан орын алу үшін латынның көпұлтты елімізге қаншалықты қажеттігі жайында сөз қозғалады. ҚР латынға көшу жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, ол туралы Елбасы Жарлығы да жарияланды (2017 ж. 26 қазандағы № 569 Жарлық). Кездесу барысында Ольга Федоровна жаңа әліпбиде 32 әріп барын және апострофтармен берілген дыбыстар туралы хабардар етті. Барлығына буклеттер табысталды. |