Орталық аудандық кітапхананың жазылу бөлімінің кітапханашысы Хилай Т.А. оқырмандарға қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақ тілін кириллицадан латын графикасына ауыстыру және жаңадан бекітілген әліпби туралы түсіндірме әнгімесу өткізуге де үлгіреді. Сұхбатында Татьяна Алексеевна былай дейді: «Латын тілі біздің еліміз үшін өркениетті дамыған елге айналуға ұмтылған көпұлтты мемлекет ретінде қажет және бұл мемлекеттік тілді дамытуға қуатты серпін береді. Әңгімелесу барысында кітапханашы оқырмандарды жаңа әліпбимен таныстырады, кейбір дыбыстар енді апостроф (жоғарғы үтір) арқылы белгіленетінін, әліпби 32 әріптен тұратындығын айтты. Барлық қалаушыларға буклеттер беріледі. |