Надеждин ауылдық кітапханасының кітапханашысы кітапхананы, кітаптарды және оқуды насихаттау үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. "Бала қолымен" үйірмесінде кезекті рет барлығы сүйікті кітаптарын алып, бірге табиғат аясына демалуға аттанды. Балалар К. И. Чуковскийдің өмірбаяндық деректерін тыңдап, "Федорино горе", "Айболит" және т. б. ертегілерді тыңдады. |