"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" эгидасымен 17 қазанда Приреченка ауылдық кітапханасының кітапханашысы еріктілермен бірге демократ - жазушы, тұңғыш қазақ журналисі М. Сералиннің қабіріне сапар ұйымдастырды. Бұл жер аймақтық маңызы бар қасиетті орын. Пайда көрсету мақсатында еріктілер шағын сенбілік өткізді –қоқыстарды алып тастады, ескерткіштің тұғырын сыпырды, естелік кітап пен орындықтарды жуды. Ескерткішке баратын жолдағы құрғақ шөп жұлынды. |