30 маусым күні "Парасат жолы" жобасы аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында "Жемқорлық. Заманауи көзқарас" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның мақсаты қатысушыларды "жемқорлық" ұғымымен таныстыру, ой-өрісін кеңейту, қазіргі қоғам проблемаларына өз дүниетанымын қалыптастыру, елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету. Іс-шараға қатысушылардың өз іс-әрекеттері, санасы мен әлеуметтік белсенділігі үшін жауапкершілікті қалыптастыру. |