Тарих

«Қарабалық ОКЖ» ұжымы. 1997 ж.

 

Барлық замандарда кітапханаларға аса маңызды мән берілді, өйткені олап ақпараттық орталықтары болып табылады, мұнда адамдарға қажетті барлық ақпарат жинақталған.

 1980 ж. – Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды.

 1979 жыл – кітапхана жүйесінің орталықтандырылуы басталды. Қазіргі уақытта әр елді мекенде кітапханалар ашылған.

1980 жылы Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылған уақытынан бастап бір кітап қоры, библиографиялық аппараты, толымдау бөлімі, әдістемелік бөлімі, бухгалтерия мен кітапхана штаты құрылды.

Кітапхана жүйесіне алдымен 59, содан соң 65 кітапхана кірді.

Аудандық кітапхана барлық селолық кітапханалар үшін әдістемелік орталығы болып табылады. Селолық кітапханашыларға аудандық кітапхананың қызметкерлері әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді: жұмыс жоспарын құрғанда, құжаттаманы жүргізуде, кітап көрмелерін, кітапханалық стендтарды ресімдеуде. Аудандық кітапхана мен селолық округтардың әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасаудың арқасында барлық селолық кітапханалармен байланыса аламыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде ауданның кітапхана жүйесінде көп өзгерістер болған: 1991 жылы кітапхана жүйесіне 65 кітапхана-филиал кірді.

Жаппай оңтайландыру жылдарында аудандық бюджетте барлығы екі-ақ кітапхана қалған болатын.

2000 жыл – Мәдениетті қолдау және дамыту жылы шын мәнінде елеулі болды. 30.12.1999 жылы Қарабалық ауданы Әкімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесін жаңғырту туралы» шешімі бойынша кітапхана-филиалдар мемлекеттік жүйеге қайта қайтарылды.

2000 жыл – 7 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық

2001жыл – 14 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық

2002 жыл – 16 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық

2003 жыл айрықша мәнді жыл, осы жылдан бастап 3 жылдық аймақтық «Ауыл» бағдарламасы орындала бастады.

2003 жылдың бірінші тоқсанында аудандық әкімшілікте мәдениет мекемелерін қайта қалпына келтіру, жөндеу, сақтау, оларды қамтамасыз ету туралы күн тәртібімен кеңейтілген кеңес өткізілді.

2004жылдың 01.01. мемлекеттік кітапханалар желісінде 21 кітапхана, соның ішінде 19 селолық кітапхана болған.

2005 жыл - 20 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық

2006 жыл - 21 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық

2007 жыл - 22 селолық кітапхана-филиал + 2 аудандық 

2008 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік кітапханалар желісіне 9 кітапхана қабылданды, олар бұрын ЖШС қамтамасыз етілген болатын.

2013 жылдың 01.01. Қарабалық кітапхана жүйесі 33 мемлекеттік кітапханадан тұрады, соның ішінде 31 селолық, 1 орталық аудандық және 1 балалар кітапханасы бар.

Қазіргі уақытта «Қарабалық ОКЖ» ММ директоры Мендибаева Б.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2661]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0