Жаңа кітаптар

Қарабалық аудандық орталық кітапханасына қазақ және орыс тілдерінде жаңа кітаптар түсті. Бүгін біз кейбір кітаптармен сендерді таныстырғымыз келеді:

                                    
 
 
 
 

Жолдасбеков, М. Жамбыл Жабаев. Ұлы дала ақыны [Мәтін] / М. Жолдасбеков. – Нұр-Сұлтан : Күлтегін, 2020. – 224 б.

Қазақ және орыс тiлiнде = на каз. и рус. яз.

Белгілі мемлекет жіне қоғам қайраткері, танымал әдебиетші, түркітанушы ғылым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтың бұл кітабында ХХ ғасырдың Гомері атанып жүз жыл жырлаған жыр алабы Жамбылдың кайталанбас шығармашылығы мен халқымыздың ұшан-теңіз байлығы – поэзиямыздың кешегі, бүгіні жүріп өткен жолына жан-жақты талдау жасалған. Сондай-ақ, мұнда Жәкеңнің ұстаздары мен шәкірттері хақында берілген аса құнды мағлұматтар да мол.

Кітап жыр маржаны қадір тұтатын көпшілік қауымға арналады

 
 

Қазақстан тілдері = Языки Казахстана [Мәтін] : әлеуметтік лингвистика анықтамалығы : социолингвист. справ. / [құраст. : Д. Х. Ақанова ; жауапты ред.: Ж. Қ. Түймебаев, Э. Д. Сүлейменова] ; Қазақстан Халқы Ассамблеясы. – Алматы : Золотая книга, 2020. – 480 б.

Қазақ және орыс тiлiнде = на каз. и рус. яз.

Анықтамалық демографиялық теңгерімсіздік, экзоглостық, көпсубъектілік тұрғысынан қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаятының очерктерін қамтиды; тіл саясатының өзекті терминдері (этникалық тіл, титулдық тіл, мажоритарлық тіл және т.б.) нақтыланды; тілдер генеалогиялық және типологиялық жіктелім тұрғысынан жүйеленді; елдегі тілдік жоспарлаудың ерекшеліктері сипатталады.

Анықтамалықта Қазақстан этностарының тілдерін жүйелеу жүзеге асырылды, оған сәйкес мемлекеттік қазақ тілі, орыс тілі, экзогендік және эндогендік тілдер, сондай-ақ иммигранттық тілдер сипатталған

 

Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы = Представители этносов Казахстана в искусстве и культуре: энциклопедия персоналий [Мәтін] / [құраст.-авт.: Ш. Әмірбеков т. б.]. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 320 б.: фото

Қазақ және орыс тiлiнде = на каз. и рус. яз.

Тұлғалар энциклопедиясы оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады.

Энциклопедияның бірегейлігі – оның құрамында Қазақстанда да, оның шегінен тыс жерлерде де белгілі үш этникалық топ өкілдерінің өмірбаяндық құнды мәліметтерін қамтитындығы. Құжаттамалы деректер «әртүрліліктегі бірлік» қағидасына сәйкес мұрағаттардан, сұхбаттардан, медиа-ресурстардан және XXI ғасырдағы жаңғыртылу үрдістерінің тұрғысынан алынды

 

Дайрабай, Т. Түркістан. 1866-1872 = Туркестан. 1866-1872 = Turkestan. 1866-1872  [Мәтін] / Т. Дайрабай. – Алматы : Азия Арна, 2020. – 344 б.: фото

Қазақ, орыс, ағыл. тiлдерiнде

«Түркістан» альбомында Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы, мәдени, кәсіптік, археологиялық, этнографиялық  ескерткіштерінің ең озық үлгілері жинақталған. «Түркістан» фотоальбомы Түркістан генерал-губернаторына (1867-1917 жж) қараған Жетісу, Сырдария, Заравшан округі, Самарканд, Ферғана (Қоқан хандығы) облыстары қамтыған. Альбом қалын оқырманға арналған.

 

 

 

 

Зайберт, В. Ботай = Ботай = Botay [Мәтін] / В. Зайберт; қаз. ред. Ә. Файзуллаұлы, орыс ред. М. Жанұзақова ; орыс тіл. ауд. Ә. Файдулаұлы, ағыл. тіл. ауд. В. Тимохина ; сур. А. Құлбаева. – Алматы : Балауса, 2020. – 480 б.: суретті

Кітап біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта осынау Ұлы Дала төскейінде ғұмыр кешкен бабаларымыздың өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сан алуан сыр шертеді. Дала өркениетінің дәл осы Ботай жерінен бастау алғанына көзіңізді жеткізеді. Алғаш рет жылқының осы жерде қолға үйретіліп, осы жерде бие сүтінен қымыз ашытылғанын біліп, мерейіңіз өседі, көңіліңіз тасиды.

 

 

 

 

Нұрғиса Тілендиев = НургисаТлендиев = NurgisaTilendiyev [Мәтін] : кітап - альбом. – Алматы : Өнер, 2020. – 280 б.: фото. – (Халық перзентi)

XX ғасырда өмір сүріп, талантымен әлем деңгейіне самғап шыққан ғұлама композитордың өз өмірінен, шығармашылық кездесулерінен, замандастарының бейнелерінен, отбасылық мұраларынан жинақталған осы кітап-альбом каһарман музыканттың ғұмырлық келбетін бізге жақындата түседі.

 

 

 

 

 

Боранғалиұлы, Т. Жәңгір хан [Мәтін] / Т. Боранғалиұлы. – Алматы  : Абзал-Ай, 2020. – 448 б.  

      Тарихнамадағы тұғырлы да таласты тұлға Жәңгір Бөкеевтің қазақ қоғамындағы алар орны негізінен өмірінің тек бір тұсымен – Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісімен байланысты айтылып жазылады. Ал 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері назардан шет қалады.

        Кітапта өз ордасының іргесін бекемдеудегі Жәнгірдің жеке-дара күресі, Ресей патшаларымен, губернаторлармен қарым-қатынасы белгілі де беймәлім деректер арқылы ашып көрсетіледі. Жәнгір ханның ұлты үшін сіңірген еңбегі – түнғыш мектеп ашу, жастарды Ресейде оқыту, астана салу, дәстүрлі заң ережелерін жазу оқиғалары тартымды әңгімеленеді.

         Қітаптың құрылымы ғұмырнамалық тізбе емес, оқиғалық қатарға негізделген. Әбілқайыр – Нұралы – Бөкей – Жәнгір әулеттік жалғасы, отбасының, ұл-қызының тағдыры туралы сыр шертеді. І Александр, І Николай патшалармен, Гумбольдт, Қазымбек, Гебель сынды әйгілілермен таныстығы қызықты хиқаялармен өрбиді. Тұлғаны соны қырынан танытуды мақсат еткен. 

 
 
 

Қазақстан Республикасының  Конституциясы = Конституция Республики Казахстан = The Constitution of the Republic of Kazakhstan [Мәтін] :1995 жылдың 30 тамызда республикалық референдумда   қабылданды / [құраст. Ж. Б. Қазанқапов]. – Нұр-Сұлтан : Регист-СТ Полиграф, 2020. – 420 б.: ил.         Конституциясына – 25 жыл  Қазақ, орыс, ағыл. тiлдерiнде           

    Конституция  Қазақстан Республикасының Heгiзгi Заңы.  Kiтaп-альбом тамаша суреттермен безендіріліп, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген барлық бап кірді. Көпшілік оқырманға арналған.

     Конституция Основной Закон Республики Казахстан. Книга-альбом содержит все статьи с изменениями и дополнениями и проиллюстрирована замечательными фотографиями. Предназначено широкому кругу читателей.

     The Constitution is the Basic Law of the Republic of Kazakhstan. The book-album contains all the articles with changes and additions, and it is illustrated with great photos. Intended for a wide audience.

 
 

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында = Казахстан в годы Великой Отечественной войны = Kazakhstan in the years of the Great Patriotic War [Мәтін] : [фотокiтап] / [құраст.: Б. С. Измухамбетов, А. Б. Тасболатов]. – Алматы : Тау-Қайнар, 2020. – 320 б.: фото.  Қазақ, орыс, ағыл. тiлдерiнде       

       Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған әсерлі, көркем, әрі мазмұнға бай кітап.

        Красочная и содержательная книга посвящена 75-летию Победы в Великой Отечественной войне.

        This colorful and informative book is dedicated to the 75th anniversary of Victory in the Great Patriotic War.

 

 

 

 

Қазақстандағы сайлау тарихы = История выборности в Казахстане [Мәтін] / [жауп. ред. Б. Ғ. Аяған]. – Нұр-Сұлтан : Жарқын Ко, 2020. – 320 б.  Қазақ және орыс тiлiнде = на каз. и рус. яз.  

      Кітапта жеке ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Ресей империясы мен кеңестік кезең аясында сайлау жүйесінің іске асырылуы, оның тарихы мен дәстүрлерін зерттеу нәтижесі ұсынылған.

      Зерттеу жұмысының басым бөлігі тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі сайлау жүйесінің қалыптасуына арналған. Авторлар аталған мәселені зерттей келе, қазіргі уақытта Қазақстандағы сайлау жүйесі қалыптасуының ғылыми және саяси мәселе ретінде арнайы қарастырылмағанын айқындады. Осы кітапта зерттеушілер назарынан тыс қалып қойған қазіргі саяси институттың тарихы мен оның қоғамдық маңызы жан-жақты сөз етіледі.

       Кітап тарихшыларға, әлеуметтанушыларға, саясаттанушыларға және Қазақстан тарихына, саяси және әлеуметтік институттар қызметтері мен сайлау жүйесі тарихы мәселелеріне қызығушылық білдіруші көпшілікке арналған.

 
 

 

Рысбек, Қ.  Саңлақ [Мәтін] : спортшы дарабоздардың жеңіс  жолы туралы деректі жинақ / Қ. Рысбек. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – 80 б.     

        «Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы, «Дәулет», «Берікқазы», «Бекзат», деректі хикаяттарының авторы Қыдырбек Рысбектің бұл кітабына ел спортының айтулы тұлғалары туралы очерктер мен мақалалар еніп отыр. Кітаптың оқиғалары тартымды, деректі құнды, тілі шұрайлы. 

 

 

 

 

 

Ысқақұлы, Д. Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ  тілінің тарихи миссиясы [Мәтін] / Д. Ысқақұлы. –  Алматы : Дәуір, 2020. – 632 б.      

         Кітапта қазіргі жаһандану дәуірінің мәдени өміріндегі ғаламдық ауқымда жүріп жатқан тілдік құбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан шолынып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр-талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай-күйі, болашағы ғылыми түрде жан-жақты сараланады. Қазақ тілінің болашағына қызмет ететін түркі халықтарының ортақ әліпбиі, тілі, терминдері, рухани құндылықтары сияқты мәселелер төңірегінде кеңінен сөз болады. Еңбекте халқымыздың ұлттық даму, рухани жаңғыру жолындағы ұлы күресіндегі қазақ тілінің тарихи қызметі жан-жақты көрініс тапқан.

           Кітап өз ұлтының болашақ тағдырына бейтарап қарамайтын саналы, ұлтжанды зияли қауымға, ғалымдарға, бакалаврлар мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы қалың оқырманға арналған.  

 
 
 
 

81. 63

Д 87

Дүниежүзі түркологиясының тарихы: Хрестоматия. 1 бөлім [Мәтін] / Құраст. Ш. И. Ибраев, К. Н. Келімбетов. – Алматы: Раритет,  2019. – 312 б.

Ұсынылған хрестоматия түркология тарихына қатысты теориялық постулаттардың (соmpendium) жиынтығынан, түрколог ғалымдардың зерттеулері (scientist opus) мен есімнамадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұратын оқу құралы болып табылады. Хрестоматияға әртүрлі елдер мен дәуірлерге қатысты түркологтардың ғылыми еңбектерінен үзінділер енгізілген, оны білу болашақ түрколог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Хрестоматиядағы еңбектердің бір бөлігі бүгінде сирек қолданылатын библиография болғандықтан, барынша кең ауқымда ұсынылды, қалғандары қысқа нұсқада берілді.

Хрестоматия «Дүниежүзі түркологиясының тарихы» (Алматы, 2016) монографиясына негізделіп жазылған.

Хрестоматияға іріктелген ғалымдардың еңбектері сала ішіндегі зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды, сондықтан қолдарыңыздағы оқу құралы тек түрколог-студенттерге ғана емес, зерттеушілер мен оқытушылар үшін де, түркология мәселесіне қызығушылық танытқан қалың оқырман үшін де өзекті болары сөзсіз.

 
 

63. 3 (5Қаз)

Н 86

Нұржеке-ұлы, Б. Қазақ тарихынанан [Мәтін] / Б. Нұржеке-ұлы. – Алматы: «Жалын баспасы»,  2019. – 672 б.

 

Бұл жинаққа жазушының әр жылдарда қазақ халқының әрқыйлы тарихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеулері жинақталды. Ол шығармаларда қазақ халқының рулық, тайпалық кезендері кезеңінен тартып, бүгінгі тәуелсіздік алған күндерімізді де қамтиды.

Шетелдік кейбір тарихшылардың айтып, жазып жүрген түйінділерін құптамай, сақ, құн, үйсін, қаңлы, түрік алтын орда мемлекеттерін түгелдей бүгінгі қазақ халқының арғы аталары, бабалары деген қорытындыға келеді. Ол пікіріне дәлел етіп, қытай Геродот тарихын және казақтың өз Ата-шежіресін салыстыра отырып, тұжырымдайды.

Кітап өз халқының тарихын білгісі келетін барша қауымға арналған.

 

85. 3 (5Қаз)

Р 24

Рахмадиев, Е. Балалық шақ. Әндер романстар [Текст] / Е. Рахмадиев. –Алматы: «Sansan» ,  2019. – 328 б. + 16 б. Жапсырма.

Еркеғали Рахмадиев – КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Танымал сазгер түрлі бағыттағы маңызды туындылардың басым көпшілігінің авторы болып табылады. Ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жанр – симфониялық күйдің негізін салушы болды. Осы жанрда әлемге әйгілі болған атақты «Дайрабай», «Құдаша-думан» шығармалары, сонымен қатар «Қамар-сұлу», «Алпамыс», «Абылайхан» опералары қазақ музыка мәдениетінің асқақ биігіне айналды.

Композитор Еркеғали Рахмадиевтің көпшілікке таныс «Бала ғашық» туындыммен аталған бұл жинаққа отандық классиктің шығармашылық мұрасынан асқақ туындылар, айта келсек әндер мен романстар, опера мен ариясы, хор композициялары және т.б. жинақталған.

 

 

85.12 (5 Қаз)

Б 19   

Байділдин, Ш. Оюмен ой айтқан елміз [Мәтін] / Ш. Байділдин. –Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2019. – 248 б.: ил.    

Бұл кітапта халық шеберінің көп жыл ізденіп ұлттық нақыштағы жасалған ою-өрнектері әртүрлі тақырыптарға бөлініп берілген. Альбом жоғары оқу орындарына, талапты жастарға, ұлттық ою-өрнекті қадірлеп-қастерлейтін көпшілік қауымға «Рухани жаңғыру» және  «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр.

                

 

 

63.3 (5 Қаз) 4

Ж 44     

Жеменей, И. Парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы [Мәтін] : ежелгі және орта ғасырлық дәуір / И. Жеменей. – Алматы : Сардар, 2019. – 224 б.: ил.

Бүл кітапта парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы туралы мәліметтер жинақталған.

 

 
 
 
 
 

63.3(5Қаз) 6                   

С 28   

Сәрсеке, М. Семей қасіреті [Мәтін] : деректі тарихи хикаят / М. Сәрсеке; суретші К. Күйіков. – Алматы: Қазығұрт, 2019. –  688 б.                           

Бұл кітапта Семей ядролық полигоны мен ядролық жарылыстар туралы айтылған.                                                          

 
 
 
 
 
63.3(5Қаз)

А 92

Ата мирас [Мәтін] : Қарабалақ - ұста қыпшақтардың бiр ата тарауы. – Алматы : Жiбек жолы, 2018. – 48 б.: ил.

Кітап Қарабалақ - ұста қыпшақтардың бiр ата тарауы туралы

 

 

 

66.3(5Қаз) 8                                     

Д 46     

Дияров, Н. Ғибратты ғұмыр [Мәтін] / Н. Дияров. – Алматы: Жiбек жолы, 2018. – 178 б.: фото.

Бұл кітапта елінің көрнекті азаматы, өз заманында тұлға ретінде танылып, көпшілік құрметіне бөленген, ал еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген кезенде жылдар бойы жинақталған өмірлік тәжірибесі мен бойында қалыптасқан тағылымын жан – жағына тарата білген Ырыскелді Дәуренбекұлы Жақсыбеков ағаның ғибратқа толы өмір жолы баяндалады.

 

 

 

 

66.3 (5 Қаз)

Қ 67

Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері = Костанайцы - Герои Труда [Текст] . – Қостанай: Костанайский печатный двор, 2018. – 292 б.: фото.

қазақ және орыс тiлiнде = на каз. и рус. яз.

 

 

 

 

 

63.3(5Қаз = 4Қос) 61

М 37

Мәулетов, Ғ. Ұмытылмайтын қасірет [Мәтін] / Ғ.Мәулетов. – Қостанай : Шапақ, 2016. –  458 б.: фото

қазақ және орыс тілдерінде = на каз. и рус. яз.

 

 

 

 

 

63.3(5Қаз) 61

М 37

Мәулетов, Ғ. Үрей мен үміт = Страх и надежда [Мәтін] / Ғ.Мәулетов. – Қостанай: Қостанайполиграфия, 2006. – 318 б.: фото

қазақ және орыс тілдерінде = на каз. и рус. яз.

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2657]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0