Акция

 «Бір ел –  бір қітап» -2017

Сұлтанмахмұт Торайғыров

    Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміз дегі ең үздік деген туындыны оқу және насихат тау.

Осы жылы қазақ ақын – демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуға ұсынылды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың 28 қазанында қазіргі Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданында кедей, момын шаруа отбасында туған. губерниясының Павлодар уезінен.  Сұлтанмахмұт ауыл молдаларында, медреседе оқып хат таниды, ауылдарда бала оқытады.

Жазушының әдеби жолы қиын жылдарда басталады. Алғашқы қазақ журналы «Айқаптың» редакциясында хат­шылық қызмет атқарып, жазған шығармаларының бірқатарын журналда жариялады. Троицк қаласындағы мұсылмандық мектепке оқуға түсіп, өз бетінше ғылым негізін, орыс тілін үйренді, ең алғашқы шығармаларын сол жылдары жаза бастады. Жас ақын­ның шығармалары өткірлігімен, көркемдігімен, терең ойлылығы­мен, шыншыл да демократия­шыл, болашаққа деген сенімділігі­мен ерекшеленді («Дін»,  «Оқу»,  «Сарыбас» және тағы басқалары). Бұл өлеңдер Сұлтанмахмұттың қандай жағдайда да келешектен үміт үзбеген өр қасиетін, асқақ арманы мен талабын танытады.

Жас ақынның шығарма­шылығы үшін  «Айқап» журналында қызмет еткен жылдары жемісті болды. Өзінің алғашқы романы – «Қамар сұлуда» автор әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеу­меттік тұрғыда талдады. Ескілікке қарсы үн көтерген бұл шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті.

1916 жылы «Кім жа­зықты?» романында ауыл өмірі­нің шындығын жан-жақты сурет­теп, қазақ халқының шаруашы­лық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен қырсыздықты, жалқаулықты сынайды.

«Кедей» поэмасының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады.

Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл.

Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында кайтыс болған ақын, ойшыл өзінің аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.

 

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0