"Бір ел-бір кітап" - 2018

"Бір ел-бір кітап" - 2018

2018 жылдың 23 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ.) «Бір ел-бір кітап» республикалық акция комиссиясының кеңейтілген комиссия отырысы өтті. Отырысқа қатысушыларымен екі жанрды таңдау шешілді: поэзия мен проза. 2018 жылдың халықаралық оқуына таңдалған кітаптар:  

      * Шәкәрім Құдайбердыұлының. Шығармалары

      * Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

      * Келімбетов Н. «Үмiт үзгiм келмейдi»

   Шәкәрім Құдайбердіұлы -ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы

 шығармалары «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Шәкәрім сазгер ғана емес, ол музыкалық аспаптардың акустикасын жете білетін, оның құлақ күйін шебер қоя алатын, әнді қалай орындау керектігін жете меңгерген өз дәуірінің озық ойлы, білімді азаматы екені. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым қой, жұлдызым июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ.

   Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі - халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.«Ұшқан ұяда» әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді.

Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

      Жазушы Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикаят-монологы - ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген. Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы әлемнің 19 тіліне, оның ішінде мажар тіліне аударылғанын атап өту қажет. Еуропадағы танымал әдеби жүлделердің бірі – Ф.Кафка атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.

Оның кейінгі жылдарда жарық көрген «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» сияқты эсселері Немат Келімбетовті ойшыл суреткер ретінде де танытты. «Үміт үзгім келмейді» кітабы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, жақында ғана оның авторына ЮНЕСКО аясындағы ең мерейлі марапаттардың бірі - Еуропаның Франц Кафка қоғамының наградасын алып берген еді. Немат Келімбетовтің көркем аударма саласына қосқан үлесі де үлкен. Ол Л.Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент», В.Козаченконың «Найзағай», С.Ахмадтың «Көкжиек», П.Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романдарын тәржімалаған.

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0