9 Мамырда Станционный ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мереке біздің ауылымызда Ұлы Отан соғысының қатысушысы жалғыз тірі қалған И.ЕЧепигаға құрмет көрсету рәсімімен басталды. «Агро-Торо» ЖШС басшылығы, ауылдық округтің әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы ИванЕвтихиевичтің үйіне барып, мерекемен құттықтап гүлшоқтарын ұсынды, ақшалай және естелік сыйлықтарын табыс етті.
9 мамырда Смирнов ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған митинг ұйымдастырылды. Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Іс-шараға соғысқа қатысушысы Водопьянов Андрей Андреевич және тыл еңбеккерлері шақырылды. Митинг қатысушылары Ұлы Отан соғысы жы
... Читать дальше »