Главная » 2023 » Январь » 18 » «А.Толстой ертегісінің кейіпкерлері "Алтын кілт, немесе Буратиноның шытырман оқиғалары"» ойын-викторинасы
17:45
«А.Толстой ертегісінің кейіпкерлері "Алтын кілт, немесе Буратиноның шытырман оқиғалары"» ойын-викторинасы

2023 жылғы 10 қаңтар — Орыс жазушысы Алексей Николаевич Толстойдың туғанына 140 жыл. А. Н. Толстой табиғатынан дарынды, орыс тілінің байлығын шебер меңгерген ерекше тұлға болды. Балаларға арналған әлемдік әдебиеттің ең жақсы шығармалардың қатарына оның "Алтын кілт, немесе Буратиноның  шытырман оқиғалары" повесі жатады. Қаңтардағы кітапхана клубындағы кездесу осы шығармаға арналды. Қатысушылар "А.Толстой ертегісінің кейіпкерлері "Алтын кілт, немесе Буратиноның  шытырман оқиғалары" викториналық ойынына қатысты.

Балалар ертегінің жазылу тарихын білуге қызығушылық танытты, оның мазмұнын қуана еске түсірді. Содан кейін олар әртүрлі тапсырмаларды орындауға белсенді кірісті, өйткені соңында оларды тосын сый күтіп тұрды – "Алтын кілт" және "Буратино" кәмпиттері түріндегі тәтті сыйлық. Тапсырмалар оңай болған жоқ: "Атауын тап", "Ертегінің авторы кім?", "Блиц-сауалнама", "Жұмбақтардағы кейіпкерлер мен заттар". "Сіз ертегі кейіпкерлерін білесіз бе", " Нақыл сөз кімге тиесілі?", "Портреттер", "Сиқырлы тіркестер" кроссвордтар шешу. Балаларға "Буратиноның шытырман оқиғалары" фильмінен үзінділер өте ұнады, олар сүйікті көңілді "Бу-ра-ти-но!» әнін бірге шырқады.

А. Н. Толстойдың шығармалары ескірген жоқ және әлі де оқырмандардың жүрегінен ерекше орын алатыны қуантады.

Кездесуге кітапханада көрме ұйымдастырылды, онда қорда бар осы повестін барлық басылымдары ұсынылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 71 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0