Главная » 2018 » Декабрь » 4 » «Айнұр, алға!»
09:52
«Айнұр, алға!»

Л.Н. Толстой ат. облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы осы жылдың көктемінде "Оқитын кітапханашы" кәсіби кітапханалық байқауын ұйымдастырды,  бұл байқауға Белоглин ауылының кітапханашысы Нұрғалиева Айнұр қатысты. Байқау 40 жасқа дейінгі қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалардың мамандары арасында өткізілді. Қатысушыларға "Жергілікті авторлардың шығармаларындағы Менің кіші Отаным" тақырыбында бейне – эссе дайындау қажет болды. Айнұр өз жұмысында осы жылы жарық көрген Белоглиндік авторлардың, өзіндік ақындар Анатолий Петрович Шилоның "Аққу әні" және Иван Иванович Журбаның "Ранок"атты екі кітабын ұсынды.  Іріктеу турынан кейін-Айнұр финалға шықты! Айнұрмен бірге байқаудың жеті қатысушысы финалға шықты. Айнұр ауылдық кітапхананың жалғыз өкілі болды.  Бағдарлама үш тапсырмадан тұрды: өзін-өзі таныстыру, оқырмандарға кітап ұсыну және әдеби кейіпкер ретінде кітапханашының шығармашылық өнер көрсетуі. Айнұр жан-жақты дайындалды, орталық аудандық кітапханасындағы әріптестерімен бірге интернетті ақтарып, кітаптарға қарап, костюм мен деректеме жинады. Нәтиже табысты болды! Айнұр Әбділді Тәжібаевтың Мәншүк Мәметованың монологымен сахнаға шықты, оның кейіпкердің образын сомдауы айқын әрі сенімді шықты,  екінші орын алу үшін тек екі ұпай ғана жетпей қалды. Бірақ облыстық байқауда үшінші орын да өте жақсы!  Міне, «Л.Н. Толстой ат.кітапхана»  көрермендер залының сахнасында үш жеңімпаз және оның ішінде Қарабалық ОКЖ Белоглин ауылының. кітапханашысы -Нұрғалиева Айнұр Әлібекқызы – планшет және дипломмен марапатталды. Бұл оқиға бүгінгі таңда кітапханашының –сегіз қырлы бір сырлы екенін тағы да бір дәлелі! Біз Айнұрмен мақтанамыз, әрі мақтан тұтамыз! Айнұр, тек қана алға!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 248 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0