Главная » 2017 » Февраль » 13 » Қанатыңды кең серпі!
10:19
Қанатыңды кең серпі!

10 ақпанда Орталық аудандық кітапханасының оқу залында Алматыда өткен қысқы Универсиада 2017  ойындарына арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты іс-шара өткізілді. Қонақтар арасында Қарабалық мүгедектер қоғамының мүшелері, мұражай, Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және кітапхана оқырмандары  қатысты. Универсиада ойындарының пайда болу тарихы, Халықаралық университеттік спорт федерациясын (FISU) құру туралы, бұл бүкіләлемдік студенттік спорттық ойындар, ең маңызды  және ауқымды халықаралық жарыстардың бірі болып табылатыны, Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың бойтұмары ретінде сұңқар таңдалғаны туралы әңгіме жүргізілді.  Е. Петровамен дайындалған презентация қонақтарға ұсынылып, олардың көңілінен шықты.  Еліміздің құрама командасына есімдері  енгізілген спортшылар-жерлестер өз елінің намысын қорғады. Іс-шара соңында қатысушылар шағын викторинаның сұрақтарына жауап берді және  Универсиаданың эмблемасымен шағын сыйлықтарға ие болды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 330 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0