Главная » 2023 » Июль » 3 » "Арқа төсіндей ару қала" викторина ойыны.
17:36
"Арқа төсіндей ару қала" викторина ойыны.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Аудандық балалар кітапханасына келушілер үшін "Арқа төсіндей ару қала" ойын-викторинасы өткізілді. Іс-шара аудандық мәдениет үйінде ЛЭД экранын пайдаланып өтті.

Балалар бес тақырып бойынша сынақтан өтті: "Елорда тарихы", "Елорда географиясы", "Елорданың көрікті жерлері", "Айтулы күндер мен оқиғалар" және "әртүрлі". Балалар сұрақтарға көңілді, жарыса жауап берді, көбісі Отанымыздың астанасына сапары туралы естеліктерімен бөлісті.

      Әрі қарай балалар Қазақстан Республикасының астанасы туралы кітаптар ұсынылған "Кітап сөресінде не бар?" ұсыныс бейнеролигін көрді. Ал Мәдениет үйінің фойесінде кітапханашы Юлия Павловна Притуленко балаларды "Астана – әлем қаласы" кітап көрмесімен таныстырды. Балалар кітаптар мен альбомдарды үлкен қызығушылықпен парақтап, иллюстрацияларды қарады. Бүгін балалар бір-бірімен танымдық және ойын-сауық сипаттағы іс-шараны қызу талқылады. Ал көңілді викторина білімді бекітті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 92 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0