Главная » 2017 » Февраль » 16 » Ауған ардагерлерінде қонақта.
12:20
Ауған ардагерлерінде қонақта.

Ауғанстан жерінен соңғы кеңес солдаты кеткенінен 1989 жылдың ақпан айынан бастап 27 жыл өтті. Іс-шара қарсаңында Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Р.Ж. оқырмандар-кітапхана белсенділерімен жауынгер-интернационалистер Сергей Гаврилович Ильченко, Александр Николаевич Висляев және  Мурат Рафисович Насибулинда қонақта болды. Балалар жауынгер-интернационалистерді құттықтап, оларға құттықтау ашық хаттарды табыстады. Кітапхана белсенділері Жансая Балтабаева және Миша Безносенко  «Наша молодость  была недлинной» атты өлеңді оқыды. Балалар үлкен қызығушылықпен Ауғанстанда жауынгерлік әрекеттер қатысушыларының әңгімесін тыңдады. Ильченко Сергей Гаврилович 1979 жылы Бұйрық бойынша кеңес әскерлерінің бірінші қатарында алынғаны туралы мәлімдеді. Механик- танк жүргізуші болып өзінің әскери машинасында барлығы 11 мың километр жол жүрген. Соғыс болғасын өмірде түрлі оқиғалар орын алады ғой. Бірнеше тәулік бойы көмек күтіп, танк ішінде өмір сүруге мәжбүр болған. Бәріне де үйренген, кез келген уақытта бір біріне алғашқы медициналық көмек көрсете алған және барлық жағдайларға дайын болған. Қорқынышты болса да, көптеген қиындықтарға төзімділік көрсете білген. Сол соғыста көп достарынан айырылған, 18-19 жастағы жас жігіттер бөтен елде мәңгілікке қалған. Мурат Рафисович Насибулиннің үйінде балалар жас жауынгердің кеудесі толы ордендарға фотосуреттерді, грамоталарды, медальдар мен ордендарды қарап, әңгімесін тыңдады. Мурат Рафисовичке көп сұрақтар қойды. Іс-шара соңында бауырсақтармен, тәттілермен дастарқан басында шай ішті, балалар жаунгерлерге алғысын білдіріп, барлығы фотоға түсті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 360 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0