Главная » 2024 » Январь » 29 » «Ауған соғысының жаңғырығы».
15:48
«Ауған соғысының жаңғырығы».

Ауғанстандағы соғыс – Кеңес дәуірі тарихының ең қайғылы кезеңдерінің бірі. Ол әрқашан соғыс ардагерлерінің ғана емес, кейінгі ұрпақтың есінде қалады. Ауған соғысына 650 мың Кеңес әскері қатысты. Борыштарын өтеуге жас жігіт болып аттанса, ардагерлер болып оралды. Олар өздерінің халықаралық міндеттерін абыроймен орындады. Бүгінгі күні ұлдарымыз бен қыздарымыз сол соғыс, ерлік, даңқ, қаза тапқан  батырлар туралы естеліктерді есте мәңгі сақтаулары керек.

Патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, елдің өткенін құрметтеуді, халықаралық бауырластық қатынасын тәрбиелеу мақсатында Святослав ауылдық кітапханасында 3-4 сынып оқушыларына Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған «Ауған соғысының жаңғырығы» атты  кітапханалық тарих сабағы өткізілді. Тарих сабағында кітапханашы балаларды Ауған соғысының тарихымен, бұл соғыстың қанша уақытқа созылғанын, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары туралы, ерліктері мен даңқтары туралы таныстырды. Балалар Ауған соғысы Ұлы Отан соғысына қарағанда екі есе ұзаққа созылғанын білді. Бір минут үнсіздікпен барлық қаза тапқан сарбаздар мен офицерлерді еске алып, ең рухы мықтыларға, жанқиярлық көрсеткендерге құрмет көрсетіп, жауынгерлік борышын орындады. Балалардың назарына «Мәңгі есімізде» тақырыптық сөресі ұсынылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 44 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0