Главная » 2022 » Февраль » 18 » «Ауғанстан менің тағдырымда»
11:11
«Ауғанстан менің тағдырымда»

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай Қарабалық ОКЖ кітапханашылары түрлі іс-шаралар өткізді. Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы балалармен бірге интернационалист жауынгерлерді құттықтады. Ауылда үш ардагер тұрады: запастағы танкист Сергей Гаврилович Ильченко, атағы бойынша аға лейтенант Мұрат Рафисович Насибуллин, аға прапорщик Александр Николаевич Висляев. Ауған соғысының ардагерлері соғыс туралы, интернационалдық борышын өтегені үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болған Ауған соғысы туралы әңгімелеп берді. Кездесу соңында кітапханашы ізгі тілекпен сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, Боскөл ауылдық кітапханасында Қарабалық ауданындағы Ауғанстанның бұрынғы жауынгерлерімен кездесу өтті. Олар ауыл кітапханасына А.Харченконың "Ауғанстан менің тағдырымда" атты кітабы мен "Сіздердің ерліктеріңіз мәңгілік"фотоальбомын табыс етті.

Кез-келген соғыс –бұл  жалпы халық үшін қайғылы жағдай. Біз одан сабақ алуымыз керек, Ауғанстандағы соғыс бізге қандай шығын әкелгенін ұмытпауымыз  керек, Ауған трагедиясы туралы ұмытпауымыз керек, әскери борышын адал орындағандарды, жер бетіндегі бейбітшілік үшін өмірлеріне қауіп төндіргендерді ұмытпауымыз керек.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 105 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0