Главная » 2024 » Февраль » 15 » «Ауғанстанның қайғысы мен айбыны»
15:37
«Ауғанстанның қайғысы мен айбыны»

    15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығы атап өтіледі. Бұл Отаннан тыс жерлерде әскери борышын өтеген интернационалист жауынгерлерді еске алу күні. Атаулы, қайғылы және салтанатты күн, ардагерлерді, сондай-ақ бауырларды мен жақындарды, дүниеден өткендерді біріктіреді. Қарабалық ОКЖ кітапханашылары жоғары рухты, ерлік көрсеткен, борышын өтеген ардагерлерге құрмет көрсете отырып, бірқатар іс-шаралар өткізді. Надеждинка  ауылдық кітапханасында «Ауғанстан - ұмытуға құқығымыз жоқ» атты іс-шара өтті. Кітапханашы шет жердегі сарбаздардың қиын кезеңдері туралы айтып, Ауғанстан жауынгерлері жерлестерді еске алды. Балалар Аралкина Екатерина, Сидорова Лидия, Аралкина Алена, Сайпенова Алиса, Погребняк Артур «Афган» өлеңін оқыды. Іс-шараға қатысушыларға арналған «Ауғанстан жазылмайтын жара» көрмесі дайындалды. Бөрлі ауылдық кітапханасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына арналған «Халықаралық борышты өтеу» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Токкужин Марал Есмұратұлы мен Щуцкий Николай Леонидович, сонымен қатар жоғары сынып оқушылары мен оқырмандар шақырылды. Іс-шара барысында ардагерлер Ауғанстандағы қиын жылдар туралы айтып, оқушылар өлең оқыды. Смирновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ауғанстанның қайғысы  мен  айбыны» атты ақпараттық сағат өткізді. Қатысушылар Ауғанстандағы соғыстың басталуы, елге Кеңес әскерлерін кіруі, жергілікті халықтың өмірі туралы тарихи анықтаманы тыңдады. Біздің Ауған жерлестеріміз туралы бейнеролик ұсынылды. Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы 8-9 сынып оқушылары арасында «Әскери қызметке шақырылуы – әрбір азаматтың борышы» атты пікірталас өткізді. Пікірталасқа екі команда қатысты – «Үкімет» және «Оппозиция». Іс-шара қызықты өтіп, осы тақырып бойынша көптеген дәлелдер мен фактілер айтылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 26 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0