Главная » 2015 » Апрель » 29 » «Аударма құнары»«Душа перевода»
13:45
«Аударма құнары»«Душа перевода»

29 сәуірде Орталық аудандық кітапханаға қорапта ерекше сыйлық келіп түсті. «Аударма құнары» дарынды әдебиет сыншысы, ғалым, аудармашы және ұстаз Сайфулла Құспановтың еңбектері жинақталған кітабын немересі Едіге Құспан басып шығарып біздің кітапханамызға сыйға тартып отыр.

Кітап кемеңгер Абай поэзиясының орыс тіліндегі аудармаларының ғылыми зерттеуімен ашылып, «аударма құнары» туралы сыр шертеді. Бұған қоса кітапқа ғалымның қазақ әдебиеті жайында мақалалары мен аудармалық еңбектері кірді. Соңғыларына Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері, С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасы және В.Г.Белинскийдің «Әдеби жанрлар» шығармасы жатады.

Басылым тіл мамандарына, жалпы қазақ және орыс әдебиетіне құмар оқырмандарына арналады. «Аударма құнары» кітабымен Орталық аудандық кітапханаға және Аудандық балалар кітапханасына келіп таныса аласыздар.

29 апреля в Центральную районную библиотеку пришел необычный подарок в коробке. Подарок – два экземпляра книги «Душа перевода», в которой собраны труды талантливого литературного критика, ученого, переводчика и педагога СайфуллыКуспанова, изданного его внуком Едиге Куспан, был подарен нашей библиотеке.

Книга открывается научным исследованием переводов поэзии Абая на русский язык и ставит задачу сохранения «души подлинника»  великого поэта. Кроме того, в книгу вошли статьи по казахской литературе и переводческие труды ученого. К последним относятся рассказы Г.Мусрепова, поэма С.Торайгырова «Бедняк» и сочинение В.Г.Белинского «Разделение поэзии на роды и виды».

Издание предназначено всех любителей казахской и русской словесности. С книгой «Душа перевода» вы сможете познакомиться в Центральной районной библиотеке и Районной детской библиотеке.

 

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 376 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0