Главная » 2022 » Май » 6 » «Қазақстан армиясы-еліміздің мықты қалқаны»
15:49
«Қазақстан армиясы-еліміздің мықты қалқаны»

7 мамырда Қазақстан Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай ауылдық кітапханашылар түрлі іс-шаралар өткізді.

Святослав ауылының кітапханашысы 2 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай "Қазақстан армиясы –еліміздің мықты қалқаны" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шара 7 мамыр мерекесінің пайда болу тарихынан басталды. Содан кейін біздің армия қандай әскерлерді қамтитындығымен танысты. Сынып сағатында олар болашақ Отан қорғаушылар туралы ғана емес, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы жылдарында Отан үшін қайтыс болған сарбаздар туралы да еске алды."Мен болашақ сарбазмын" деген атаумен викторина өткізілді. Кітапханада "ҚР Қарулы Күштері" тақырыптық сөресі ресімделді.

Бөрлі ауылдық кітапханасында "Біздің армия -біздің күшіміз!" тақырыбында танымдық сағаты өтті. Кітапханашы балаларға бұл күн қазақ халқының ерлік істерінің шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрін бейнелейтінін айтты. Отанын қорғаған даңқты батырлардың есімдері бірге еске түсірді. Содан кейін балалар жұмбақтар шешіп, армия туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Іс-шара соңында балалар әскери қызметті қалай көретіндері туралы суреттер салды.

Наука ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне және Қарулы Күштердің 30 жылдығына арналған "Отан қорғаушылар" ерлік сабағы өтті. Басында кітапханашы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 30 жыл" көрмесіне шолу жасады. Ұлдар "Амрестлинг", "Мақсатқа жету", "Шишкаларды жинау", "Ұшқыштар-ұшақтар" байқауларында өз күштерін көрсетті. Қыздар өлеңмен құттықтап, "Менің әскерім", "Жаса Қазақстан" әндерін шырқады. Ұлдар Отан қорғаушысының бойында  қандай қасиеттердің болу керектігін білді.

Михайлов ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған патриотизм сабағы өтті. Кітапханашы мерекенің пайда болу тарихы туралы, Қазақстан армиясы өзінің 30 жыл ішінде өзінің даму тарихын "таза парақтан" бастап, күрделі жолдан өткендігі туралы айтып берді. Нәтижесінде бүгінде Қазақстанның әлемдік стандарттарға сай келетін жауынгерлік қабілетті армиясы бар, әскери кадрларды даярлау жүйесі де қалыптасқан. Қазіргі заманғы қазақстандық армия біздің республикамыздың әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі болды. Соңында оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, әскер  туралы мақал-мәтелдерді еске алды.

Боскөл ауылдық кітапханасында 4 сынып ұлдарының қатысуымен жауынгерлік турнир өткізілді. Конкурстық бағдарламаның барлық тапсырмалары қызықты болды, қатысушылар өздерінің батылдықтарын, ептіліктерін, білімдерін көрсетуге тиіс болды. Өйткені, мұның бәрі елдің болашақ қорғаушылары үшін өте қажет. Іс-шара соңында Болашақ қорғаушыларды қыздар құттықтап, оларға шағын сыйлықтар дайындады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 108 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0