Главная » 2022 » Апрель » 29 » «Қазақстанның бірлігі-халықтар достығында!»
17:24
«Қазақстанның бірлігі-халықтар достығында!»

Қазақстанда жыл сайын бірліктің, достықтың, ашықтық пен толеранттылықтың символына айналған Халық бірлігі күні атап өтіледі. Түрлі ұлт өкілдері бір-біріне құрмет пен қолдау білдіреді. Кітапхана жүйесінің кітапханашылары бірқатар іс-шаралар өткізді.

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге орай "Кемпірқосақ" әйелдер клубында "Достық шаңырағының астында "тақырыбында кездесу өтті. Оған түрлі этнос өкілдері –қазақтар, украиндар, орыстар, белорустар қатысты. Кітапханашы мерекенің пайда болу тарихын айтып, түрлі тілдерде ән айтты. Кездесу жылы достық жағдайда өтті. Кітапханада көрме ұйымдастырылды.

Станционный ауылдық кітапханасының кітапханашысы "1-мамыр Достық мерекесі" тақырыбында мастер класс өткізді. Мерекенің символы-ақ көгершін болып табылады. Балалар кітапханашымен бірге ақ көгершінді бейбітшілік пен жақсылық тілеп, бейбіт болашаққа сеніммен жасады.

Есенкөл ауылдық кітапханасында 4 сынып оқушылары үшін "Күш бірлікте. Кітапханашы балалармен ұлтына қарамастан достық, мейірімділік, бейбітшілік, бір-біріне жақсы қарым-қатынас туралы әңгімелесті. Қазақстан халқының бірлігі күні туралы қызықты бейне көріп, бейбітшілік пен келісім туралы тамаша өлеңдерді тыңдады.

Осы іс-шаралардың барлығы толеранттылық сезімін, біздің елімізде ортақ шаңырақ астында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды тәрбиелейді. Біз Қазақстанның ұлттар мен ұлыстарды біртұтас бауырлас отбасына біріктіргенін мақтан тұтамыз.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 87 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0