Главная » 2024 » Апрель » 10 » «Қазақ жерінің ұлы ғалымы»
11:33
«Қазақ жерінің ұлы ғалымы»

9 сәуірде Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шараға «Қазақ агротехникалық колледжі» КМҚК студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты –тұңғыш қазақ-геолог, академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның белгілі тұлғасына оқушылардың назарын аудару.

Іс-шараның басында кітапханашы ғалым Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектері туралы айтып берді, содан кейін Қ.И.Сәтбаевтың Қазақстан жер қойнауын игеруге қосқан үлесі туралы «Ғаламшар» бейнефильмінің үзіндісі көрсетілді. Ақпараттық сағаттың соңында библиограф кітап шолуын өткізді, онда ғалым Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалықтар, кітаптар ұсынылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 26 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2703]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0