Главная » 2016 » Май » 16 » «Бүгінгі ұландар-ертенгі ел корғаушылар»
09:29
«Бүгінгі ұландар-ертенгі ел корғаушылар»

13 мамырда Қарабалық аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері №1 орта мектебінің 3 және 4 сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне арналған «Бүгінгі ұландар-ертенгі ел корғаушылар»  атты дәстүрлі серілік сайысын қызықты және көңілді өткізді.Сайыс серілер сертінен басталып, кейін балалар түрлі жарыстар түрінде арнайы дайындықтан өтті. Ұлдар өз қызықты және күлкілі жауаптар қайтарды, Робин Гудтай садақтан атты, «тұлпарда» шапты, кеуделерін жерден көтерді, гір көтеріп, күштерін көрсетті, қыздарға әндерін арнады. Барлық сынақтардан жақсы өтіп 4 «а» сынып оқушылары жеңіске жетті. Барлық балалар өз ептілігін, білімдерін, шеберлігін, машықтанғандығын көрсете білді. Жанкүйерлер де Отанның болашақ қорғаушыларын белсенді қолдады.Кітапханашылар Ергарина  Динара мен  Магамбетова Сабира Отан қорғаушылары күнімен барлық ұлдарды құттықтап, болашақта жеңістерге жете беруге тілек білдірді!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 359 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0