Главная » 2022 » Апрель » 6 » «Балдырған» балалар журналының апталығы
12:17
«Балдырған» балалар журналының апталығы

Қарабалық аудандық балалар кітапханасында "Балалар журналының апталығы" кітапханалық жобасы аясында "Балдырған" балалар журналына арналған іс-шаралар топтамасы өтті. Балалар журналдары баланы еркін және көңілді, ойын түрінде дамытуға және тәрбиелеуге көмектеседі.

"Балдырған" журналы айына бір рет қазақ тілінде шығады. Бұл журнал Бастауыш және орта мектеп жасындағы балалар үшін қызықты. Жарты ғасыр бойы "Балдырған" журналы оқырмандардың әр буынының сүйіспеншілігі мен зор ілтипатына ие болды. Мұнда оқырмандардың өлеңдері мен суреттері жарияланады, олар балаларды өмірдегі мақсаттары туралы, болашақ мамандығын таңдау туралы, не жақсы, не жаман екендігі туралы ойландырады. Журналда туған өлкенің тарихы туралы материалдар, дамытушы ойындар, өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар жарияланып тұрады.

Журналда "Бала тілі – бал", "Келіндер, ән шырқайық", «Өзің бояп ал!», «Ислам атаның ізгілік сабағы», «Балдырғанның қызыл кітабы», «Жұмбақтар», «Математикалық басқатырғы», «Өзің жасап ал!» және т.б. апта бойы біздің жас оқырмандарымыз әртүрлі шағын әңгімелерді оқыды, журналдан үстел ойындарын ойнады, беттерді бояды, жұмбақтарды құмарлықпен шешті. Кезекті балалар журналымен танысқысы келетіндердің барлығына -балалар кітапханасына қош келдіңіздер! Сіздерді жаңа оқиғалар күтеді!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 97 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2699]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0