Главная » 2024 » Февраль » 1 » «Әбілхан Қастеев 120 жыл» таным және табыс сағаты.
10:53
«Әбілхан Қастеев 120 жыл» таным және табыс сағаты.

М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектепте аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы М. Демес оқушылар мен мұғалімдерге арнап танымдық іс-шара өткізіп, барлық қатысушыларды Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Бұл іс-шара Ә. Қастеевтің Қазақстанның ұлттық бейнелеу өнері мектебінің негізін қалаушы ретіндегі маңызды тұлға екенін атап өтті. Оның тағдыры мен шығармашылығы табиғи таланттың күші мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Қатысушыларға суретшінің өміріндегі бейнематериалдар мен әйгілі туындылары ұсынылды. Балалар кітапханасы қорынан Қастеев туралы кітаптар ұсынылып, оның еңбектеріне шолу жасалды. Әбілхан  Қастеевтің мұрасы көп қырлы және сансыз, мысалы, 2005 жылы ҚР ММИ шығарған оның негізгі жұмыстарының каталогына 1143 туынды кіреді.

Өткізілген іс-шарадан кейін ересектер де, балалар да біздің еліміздің қазіргі және болашақ өміріңде Ә.Қастеев шығармашылығының рөлін, маңыздылығын және ең жоғары құндылығын, оның отандық мәдениет қазынасына қосқан үлесін асыра бағаламау мүмкін болмайтынын түсінді. Әбілхан Қастеевтің өмірі, тағдыры мен шығармашылығы ХХ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің керемет шыңы болады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 76 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0