Главная » 2017 » Январь » 4 » «Бірінші оқырман» акциясы.
14:29
«Бірінші оқырман» акциясы.

2017 жылғы бірінші жұмыс күнінде Аудандық балалар кітапханасында «Бірінші оқырман» жыл сайынғы акция өткізілді.  Кітапхананың барлық оқырмандары осы жылдағы кітапхананың бірінші оқырманымен кездесу үшін асыға күтті. Акцияға белсенділік танытып аязды суық күні кітапханаға анасымен бірге келген бұл үшінші сынып оқушысы Косарева Елизавета болды. Косаревтардың отбасы: әжесі Галина Петровна, анасы Юлия Михайловна және Лиза 2015 жылдан бері біздің белсенді оқырмандарымыз болып табылады. Міне ешқандай іс-шаралардан қалыспай кітапханамызға жиі келіп тұрады. Әжесі фантастиканы оқуға құмар, анасы  - детективтерді, ал Лиза жан-жануарлар туралы кітаптарды көп оқиды. Кітапхана қызметкерлерінің жұмысы туралы оқырмандар жақсы сөздер айтты, алғыстарын білдірді. Өз кезегімен кітапханашы олардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан кітапқа, кітап оқуға деген ынтасы, сүйіспеншілігі үшін алғысын айтты. Аудандық балалар кітапхананысың ұжымынан кітапхананың бірінші оқырманы Елизавета Косареваға сыйлық табысталды және жақсы тілек айтылды: біздің кітапханамызға отбасы мүшелерінің барлығы жиі кітап алу үшін келуге және іс-шараларға қатысуға қуаныштымыз. 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 303 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0