Главная » 2017 » Декабрь » 6 » Бірінші Президент күні
14:05
Бірінші Президент күні

Биылғы жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда «Тұңғыш Президент күні» алтыншы рет атап өтіледі. Бұл мереке 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі бойынша ресми түрде жарияланды. Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетіміздің қалыптасуына, дамуына және өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың болашаққа қатысты саясаты тәуелсіз Қазақстанды ТМД-ның Орталық Азия аймағында алдынғы қатарға  шықты және халықаралық аренада танытты.  Тұңғыш Президент күніне арнап  Қарабалық орталық кітапханасының кітапханашылары тақырыптық сөрелерді безендіріп, түрлі іс-шаралар өткізді. Мәселен, Наука а/к кітапханашысы Р.Ж.Думалакова АМҮ -мен бірге «Біздің Президентіміз» тақырыбында балаларымен кездесу өткізді. Іс-шараға «Менің Президентім менің мақтанышым» слайд-презентациясы дайындалды, «Ел тарихындағы тұлғалар» көрмесі шығарылды. Тұңғыш Президент күніне орай Станционный ауылдық кітапханада «Әлемді Қазақстанға ашқан көшбасшы» патриоттық сағаты өтті. Тоғызақ ауылдық кітапханасында «Н.Ә.Назарбаевтың жетекші рөлі және Қазақстанның ерекше үлесі» тақырыбында жаппай іс шара өткізілді. Кітапханашы Т.И. Престель электронды презентация дайындады. Есенкөл ауылдық кітапханасында кітапханашы В.Н. Кириленко 1-4 сынып оқушылары үшін «Біздің Президентіміз» іс шарасын өткізді. Қазақстан Республикасы Президентінің өмірбаяны мен саяси өмірін таныстыратын презентация дайындалды. Смирновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Колесник Елена «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің» портрет кешін  өткізді. Кешке «Назарбаев.Live.»  деректі фильмі – тұтас дәуір , бірінші көшбасшының өмірі туралы: кеше және бүгін фильмі көрсетілді. Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Т. Магамбетова 5-сынып оқушылары үшін «Елді құрушы көшбасшы» танымдық сағатын өткізді. Ол балаларға Н. Назарбаевтың балалық және мектеп жылдары туралы айтып берді ,«Нұрсұлтан Назарбаев Өмірбаяны » кітабының үзінділерін оқыды, фотоларын көрсетті. Шағын викторинаны және әдеби шолуды өткізді.

Мұндай іс шаралар  өте маңызды, олар қазақстандық патриотизмді, елдің тарихына деген қызығушылығын, отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын, Елді қалыптастырудағы Президенттің рөлін, Президенттің өмірбаянын және біздің мемлекетіміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өміріндегі маңызды оқиғаларды таныстырады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 370 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0