Главная » 2023 » Январь » 20 » «Біз өлкемізді өлеңмен асқақтатамыз!»
17:29
«Біз өлкемізді өлеңмен асқақтатамыз!»

2023 жылғы 19 қаңтарда "Қарабалық -туған өлкеміз" өлкетану бойынша кітапхана бағдарламасы аясында Қарабалық ауданының 95 жылдығына арналған "Жасталап" интернатында тұратын оқушыларға «Біз өлкемізді өлеңмен асқақтатамыз!» атты поэтикалық кездесу өтті! Кездесуде балаларға жас талантты ақын Кулик Евгения Еркінқызының шығармашылығымен танысуға және поэзия әлеміне енуге мүмкіндік туды. Ол өзі туралы, шығармашылығы туралы, өлеңдерінің дүниеге келуі туралы және қалам мен дәптер алуға не түрткі болғаны туралы айтты. Евгения Еркінқызы әдемі поэтикалық сөзбен Отанға, оның табиғатына, мейірімді адамдарға деген сүйіспеншілігін білдіреді. Кездесуде Қарабалық өлкесін дәріптейтін басқа жерлес ақындардың бірнеше тамаша поэтикалық өлең шумақтары оқылды. Олег Сармановтың "Қарабалық вальсі", Өмірбек Әубакіровтың «Земля, родная до песчинки…», Галина Басованың «Мой край родной – степной, раздольный…» өлеңдері оқылды. Кездесу керемет жылы жағдайда өтті. Балалар біздің замандасымыз Евгенийдің шығармашылығымен танысуға ерекше мүмкіндік алды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 67 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0