Главная » 2024 » Январь » 30 » «Біз сізге: рақмет айтамыз!»
17:11
«Біз сізге: рақмет айтамыз!»

Кітапхана акциясы «Біз сізге: рақмет айтамыз!»  аяқталды! 2024 жылғы  11-нен 19 қаңтар аралығында 11 қаңтарда әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін Дүниежүзілік «Рахмет» күніне орайластырылған Қарабалық аудандық балалар кітапханасында «Біз сізге: рақмет айтамыз!» акциясы өтті.

Акцияға әр түрлі жастағы адамдар қатысты. Олардың барлығы біздің кітапхананың оқырмандары. Апта бойы Қарабалық АБК кітапханашылары оқырмандарға кітапқа және оқуға деген сүйіспеншілігі, кітапханаға деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтты. Сенімділік білдіру ретінде барлығына «Рақмет» сиқырлы сөзі бар жапсырмалар берілді. Акцияға «мейірімді» кітаптар мен жылдың «сыпайы» күні туралы қызықты ақпарат ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар мерекенің тарихы мен дәстүрлерімен танысты, «рақмет» сөзінің нені білдіретінін, оның қайдан шыққанын және қандай сиқырлы қасиеттерге ие екенін білді. Балалар Владимир Данко мен Андрей Усачевтің сиқырлы сөз туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды, бір сөзбен ғана көңіл-күйді көтеруге, адамды өзіне қаратуға, тыныштандыруға, жылулығымен жылытуға болатындығы туралы айтты, ал «рақмет», есік ашып сыпйылық танытуға, адамдарға басқаларға көмектесуге деген ұмтылыс береді. Кез-келген жақсы әрекет міндетті түрде қайтады, ал «рақмет» айту әлемді сәл мейірімді етеді. Біздің акцияға 60-тан астам адам қатысты! Рақмет, құрметті оқырмандар!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 33 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0