Главная » 2021 » Август » 20 » "Біздің қасымызда тұратын ақын"
15:17
"Біздің қасымызда тұратын ақын"

20 тамыз күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында жас ақын, жерлесіміз Тимур Айтказиннің «Жұлдыздарға дейін ...» атты жаңа өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараға «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Елдос Болатұлы Мыржақыпов, жас ақынның ата-анасы Марат Нұрғалиұлы  Айтказин және  Гүлнар Сүлейменқызы Айтқазина «Қаламгер» әдеби клубының қатысушылары және поэзия әуесқойлары қатысты. Іс-шара кітап авторы туралы шағын бейнефильмнің тұсаукесерінің  көрсетілімінен басталды, онда қатысушылар оның өмірбаянымен және еңбектегі жетістіктерімен, сондай-ақ ақынның жаңа кітабынан алынған өлеңдермен танысты. Кітаптың негізіне қайғы ,қиындықтарды ерлікпен жеңу, жауапсыз махаббат, сатира туралы өлеңдер кірді. Кездесу соңында автор барлық қатысушыларға жерлестері, ересектер мен балалар танысып, оқи алатындай, ол өскелең ұрпақ тәрбиеленіп жатқан өлкетану материалына айналуы үшін кітаптар сыйлады. Кездесу қонақтары Айтқазин Тимурға, оның еңбегі үшін, тамаша кітап шығарғаны үшін үлкен алғыс білдірді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 112 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0