Главная » 2023 » Июнь » 22 » "Достым, кейін өкінбес үшін отпен ойнама"
12:02
"Достым, кейін өкінбес үшін отпен ойнама"

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалардардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасына сәйкес Белоглинка НМ оқушылары үшін 9,5 блоктары бойынша "Достым, кейін өкінбес үшін отпен ойнама" атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның  мақсаты балалар  жарақаттануының алдын алу, балалардың судағы және көшедегі қауіпсіздігі. Қарабалық ауданы ТЖБ бөлімінің қызметкерлері мен Қарабалық кентінің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шақырылды. Оқушылармен оқу эвакуациясы жүргізілді, "Өрт туындаған жағдайда әрекет ету", "Орманды өрттен сақта", "Жазғы кезеңде суда жүріс-тұрыс ережелері", "Терек мамығы - өртке қаупті" тақырыптарында әңгімелер өткізілді.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға арнайы формаларының неден тігілгендігін көрсетті, өрт сөндіру машинасының барлық жерін көрсетті, тіпті кішкентайларға отыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ТЖБ қызметкерлері өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану керектігін үйретті.

Сондай-ақ, 5 блок бойынша учаскелік полиция инспекторы Р. Е. Малимбаевпен және Белоглинка ауылдық округінің әкімі М.В. Шуменовамен әңгіме ұйымдастырылды.

Учаскелік полиция инспекторы балаларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жолдар мен су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы айтып берді. Белоглинка ауылдық округінің әкімі балаларды әкімдіктің жұмысы туралы хабардар етті, мінез-құлық ережелері мен қоғамдық нормалар туралы түсіндірді, сонымен қатар, балалардың құқықтары туралы айтты.

Іс-шара танымдық және қызықты өтті. Кейбір ұлдар ТЖБ мен өрт сөндірушілердің жұмысына қызығушылық танытты. Осы іс-шарадан балалар өздері үшін барлық пайдалы нәрселерді бойларына сініреді деп үміттенеміз.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 90 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0