Главная » 2021 » Декабрь » 2 » «Елбасы менің мақтанышым»
15:20
«Елбасы менің мақтанышым»

1  желтоқсанда Қазақстан халқы мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өтті, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау үшін белгіленген болатын. Қарабалық аудандық орталық кітапханасының барлық кітапханаларында осы мерекеге орай кітап-иллюстрациялық көрмелер ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар өткізілді. Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы бірінші сынып оқушыларына арналған "Елбасы - елімен бірге" атты кітап көрмесіне шолу жасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев туралы баяндайтын кітаптарды көрсетті. Михайлов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы тарихи рөлі туралы хабарлама дайындады. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Приречен ауылдық кітапханасының кітапханашысы 8 сынып оқушыларына арналған ҚР Тұңғыш Президентінің тыныс-тіршілігі туралы, өмірбаяны туралы ой-өрісін кеңейтуді, оның Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлінің маңыздылығы туралы білімді тереңдетуді жалғастырды! Боскөл ауылдық кітапханасында 5-сынып оқушыларына Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев туралы әңгіме өткізілді.. Сонымен қатар, "Біздің президент" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Надеждинка ауылдық кітапханасында "Елбасы - ұлт көшбасшысы" іс-шарасы өтті. Станционный ауылдық кітапханасында "Ұлт көшбасшысы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы кітаптар, журналдар мен тақырыптық папкалар қойылды, сондай-ақ кітапханашы оқырмандармен әңгімелесті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 83 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2711]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0