Главная » 2020 » Февраль » 28 » «Ерлік пен даңқ сабақтары: Қазақстандықтар ауған соғысында»
11:57
«Ерлік пен даңқ сабақтары: Қазақстандықтар ауған соғысында»

Ауғанстанда қызмет еткен жауынгерлерді еске алу күні аясында 2020 жылдың 28 ақпанында орталық аудандық кітапхананың оқу залында «Қаламгер» әдеби клубының бірінші отырысы өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Ауған соғысы батырларының мысалында жасөспірімдердің азаматтық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу үшін жағдай жасау болды.

1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің соңғы легі шығарылды. 10 жылға созылған  соғысқа  22 мың қазақстандық, Қостанай облысынан 1951 адам жауынгерлер қатысты, 44 жауынгер Ауған жерінде қаза тапты, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті. Қарабалық ауданынан 52 жауынгер шақырылды. Төрт мырыш табыттары біздің Қарабалық ауданына келді, төрт жерлеу хаты, төрт отбасында сақталады, олар үшін Ауған соғысы ешқашан аяқталмайды. 200 салмақпен біздің ауданға Станционныйдан Юрий Петров, Подгородкадан Василий Москалев, Бурлейден Серік Тасболатов, Новотроицкіден Сергей Мошков оралды. Мектеп оқушылары – әдеби клуб қатысушылары Крушницкая Дарья, Шевченко Дарья, Тимошенко Максим, Болотин Николай, Грозных Алина, Колисенова Зарина Ауған соғысы туралы өз өлеңдерін оқыды. Әдебиклуб мүшелерінде қонақта Нина Григорьевна Сахно болды.

 Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары сиреп келеді. Ардагерлер қозғалысының эстафетасын аға буыннан Ауған соғысының және басқа да жергілікті соғыстардың ардагерлері қабылдауы тиіс. Біз аталарымыз бен әкелеріміздің дәстүрін жалғастыруымыз керек және олардың ерліктерін ұмытпауымыз  керек. Біз оларды есте сақтаймыз, демек, ұрпақтары біз туралы да есте қалады. Ұрпақтар байланысы осылай қолдау табады. Тек бірлігімізде ғана біздің күшіміз, демек, қаза тапқандардың отбасыларына тиісті көңіл бөлу және өз борышын абыроймен орындаған жауынгерлердің ерліктерін мәңгі есте сақтау біздің борышымыз.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 224 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0