Главная » 2024 » Февраль » 12 » «Интернационалист-жауынгерлердің ерлігі біздің жүрегімізде»
16:40
«Интернационалист-жауынгерлердің ерлігі біздің жүрегімізде»

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасында «Интернационалист-жауынгерлердің ерлігі біздің жүрегімізде» атты ұрпақтар кездесуі өтті. Кездесуге интернационалист-жауынгерлер: Сеитов Ерик Жумабаевич, Рахимов Серик Казбекович, Уразбаев Жанат Умуртаевич, сондай-ақ М. Горький ат. ЖББМ және Надеждинка а. НМ оқушылары шақырылды. Отансүйгіштікке тәрбиелеу және оқушылардың қызу ұрыс майданында  болған адамдарға деген жанашырлық, мақтаныш және құрмет сезімдерін дамыту мақсатында өткізілді.

Ардагерлер оқушыларға бірге қызмет еткен достары, сарбаздардың күнделікті өмірі, жастардың ұрыс даласында қалай өткені туралы айтып берді. Іс-шара барысында балалар өздеріне қызықты сұрақтарын қойды. Диалог қызықты және танымдық болды.

Кітапханашылар «Ауғанстан. Ұмытуға құқығымыз жоқ» көрмесін ұйымдастырды, онда кеңес сарбаздарының ерлігі, олардың теңдесі жоқ батылдығы мен патриотизмін, халықаралық борышты орындау кезінде әскери антқа адалдығын ашатын материалдар ұсынылды.

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 46 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0