Главная » 2024 » Февраль » 26 » Өңірлік кадр резерві туралы ақпараттық - түсіндіру жұмысы.
12:13
Өңірлік кадр резерві туралы ақпараттық - түсіндіру жұмысы.

 23 ақпанда Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Т. Ирмухаметова Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жас қызметкерлерімен өңірлік кадр резерві туралы ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде өңірлік кадр резервіне іріктеудің талаптары мен негізгі кезеңдері, сондай-ақ кадр резервінің салалық бағыттары айтылды.

Жобаның негізгі мақсаты-жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланбалы лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын конкурс өткізбей атқара алады.

Ақпараттық кездесу соңында Д. Т. Ирмухаметова қойылған сұрақтарға жауап берді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 29 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2714]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0